Алматыда қытайдан келген көп балалы отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Алматыда қытайдан келген көп балалы отбасы үйсіз қалуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қытайдан келген көп балалы отбасының 64 мың долларға  сатып алған үйі сүріліуі мүмкін. Қалалық кәріз құбырының үстіне орналасқан үйдің бір бөлігін құлату туралы Тоспа су мекемесі сотқа талап арыз түсірген. Өмір бойы жиған қаржысына сатып алған баспанасының астынан сасық судың өтіп жатқанын білген төрт баланың әкесі енді не істерін білмей дал. Ал  кәріз құбырының елу жыл, баспананың 43 жылдан бері тұрғанына мән бермеген құзырлы мекеме өкілдері заңсыздықты енді ғана анықтаған.

Елуді еңсерген Бірлік Тоқайұлы 2014 жылы небәрі 3 соттық қана жері бар шағын баспананы 64 мың долларға сатып алыпты. Алдында екі жаздық үйі бар барлығы 70 шаршы метрден аспайтын баспананы алғалы бәлеге қалдық дейді. Айтуынша, үйінің астынан екі бірдей кәріз құбыры өтіп жатыр. Қырық жыл тыныш жатқан жерге мен келгелі Тоспа судың өкілдері маза бермейтін болды дейді.

«Тоспа судың мақсаты, менің орсышаға шала сауаттылығымды пайдаланып, арызды сотқа орыс тілінде түсіріп, домалақ арызбен, ешқандай дәлелсіз, негізсіз жалған құжаттармен, мына кәріз құбырын шығар деген сылтаумен сот арқылы ешқандай өтемақы төлемей үйді сүруге жібермекші. Олардың мақсаты сол»,- деді Алматы қаласының тұрғыныБірлік ТОҚАЙҰЛЫ.  

Шиттей төрт баласы бар отағасы орыс тілін білмеседе Алатау аудандық сотына сүйретіліп, жауап беріп келеді. Мемлекеттік мекеменің қазіргі қойып отырған талабы жаздық үйдің іші арқылы өтіп жатқан кәріз құбырын үйдің аумағынан шығарту. Бірақ бір-біріне жапсарласа салынған бұл өңірде құбырды өзге аумаққа шығаратын жер жоқ болғандықтан үйді бұзуға тура келеді екен. Оның үстіне кәріз құбырының бір шеті  үлкен үлкен үйдің астынан да өтеді.    

«Бұл құрылысқа бір тал кірпіш қойғам жоқ, бір тал кірпіш алғам жоқ. Бұрынғылар қалай салды солай тұр. Бұл құрылысқа кінәлілер болса солар салғандар, құжат бергендер жауап беруі тіис. Қатердің астында біз қалып тұрмыз. Олар қосымша қора жайды сүруге кетіріп тастағанмен де, үйдің астындағы желіні не істейміз? Менің қояр талабым; тиісті ақшасын төлеп біздің үйді сүруге жіберсін.

«Тоспа су» мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері бұндай үйде өмір сүру қауіпті, әрі төтенше жағдай кезінде жұмысқа бөгет болады деп отыр. Сондықтан, құбыр өтіп жатқан жер ашық болу керек дейді. Қырық жыл жатқан жердегі заң бұзушылықты жуырда ғана көрген құбырдың иелері баспана бұзылса да үй иесіне ешқандай өтемақы төленбейді деп отыр.

«Қойып жатқан талап арызымыз немесе оны сүрсін, болмаса құбырды сырт жерге шығарсын. Өйткені қазір қаладағы құбырлардың 70 пайызы ескірген. Сүрілетін жерге инженерлік каридор деген болады. Соған қалалық сәулет құрылыс басқармасы жауап береді. Егер жоқ деген жауап алынса, онда үй немесе уақытқа баспана сүрілуі тиіс»,- деді «Тоспа су» МКК заң кеңесшісіДинара ЕСПАРОВА. 

Су құбырын қадағалайтын мекеме өкілдері жылжымайтын мүлік сатып аларда тек дайын құжаттарға ғана сенбей, топографиялық түсірілім жасату қажет дейді. Бұл жердің астындағы жоғары кернеулі тоқ, құбыр өзгеде жүйелердің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы  кәріз құбырларының жекеменшік аулалар арқылы өтуі бойынша Алматыда 4 мыңға жуық оғиға  анықталған. Қазірге дейін олардың жүзге жуығы сотқа жолданыпты. 

Әмірболат Құсайынұлы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров