Бірыңғай басшылар марапатталды. Еліміздің ширек ғасырлық мерекесіне орай өткен Алатау ауданындағы салтанатты жиында мемлекеттік мекемелер мен компания басшыларының «ерен» еңбегі ескерілді. Тәуелсіздік күніне орай бұқараны құттықтап, халыққа қызмет еткендердің еңбегін елеу шарасы қаланың тағы екі ауданында атап өтілді.
Бұл Түріксіб ауданы тұрғындарымен өткен кездесу. Кешегі бабалардың бүгінгі бақытты ұрпақтары бағындыраған белестерін, шыққан биігін бағамдады. Барша бұқара бірлігі бекем елдің мызғымас тұғыры Тәуелсіздік болып қала берет деген тілекте жиналды.
«Біздің осындай елде тұруымыз жасаған қызметіміздің жемісі. Қазақстан сияқты керемет елде тұру, өмір сүр бақыт. Бірақ жақсылық бірден келген жоқ. Білім ғана емес, барлық сала қиын кезеңдерден өтті. Есесіне экономика өсті, адамдардың әлеуметтік жағдайы жасқарды. Осының бәрін көрген әрбір адам өз отанымыздың патриоты болу керек ден санаймын», - деді «Аяжан» медициналық колледжінің директоры Күлдарихан ҚҰРЫМБАЕВА.
Егемендік мерекесін тойлауға Алатау ауданы әкімшілігінің қызметкерлері мен тұрғындары ерте кіріскен. Ұлттық өнер театрына жиналған халық көп. Құрметті қонақ келе салысымен салтанатты жиын ашылып, баяндама басталды.
«Құрметті алатаулықтар, құрметті жиынға қатысушылар! Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болатын. Біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.Ендеше әрқайсымсызды отбасымыздан басталатын Тәуелсіздік күні құтты болсын! Көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым желбірей берсін!», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат МӘНІЗОРОВ.
Құрылғанына сегіз жыл болған Алатау ауданының өсіп-өркендеуі де егеменді елдіктің жемісі. Аудан жеке атауға ие болғалы халық саны 60 мыңға өскен. Әу баста аудандағы бала саны 18 мың болса, арада тоғыз жыл өткенде өсім көрсеткіші 35 мыңға жеткен. Аудан білім көрсеткішіндегі алтын белгі алуда үш жыл қатарынан республика көлемінде алдыда келеді. Ел болудағы жасалған жұмыстарға шолу жасап, жеткен жетістіктерді жіпке тізіп шыққан соң, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы төсбелгісімен марапаттау шараса басталды. Бұл жолы марапаттау тізіміне тек қана оқу, денсаулық сақтау, ішкі саясат бөлімі, құқық қорғау органдары сынды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары ғана ілініпті.
«Енді біз осы елімізді қорғап келдік. Бабалар оны қорғап бізге аманат қып қалдырды. Бізден қазір күш-қуат кетіп бара жатыр. Сондықтан жастар осы елге ие болып қалса деген ниет», - деді Ақсылық ТУСАЙҰЛЫ.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жиын өткізуден Бостандық ауданының атқамінерлері де қарап қалмады. Татулық пен ынтымақ, еркіндік пен егемендік ертеңгі жарқын күнге бастар жол деген басшылар аудандағы құрметті азаматтарға атақ беруден аянып қалған жоқ. Бейбіт күнде өрт, су, өзгеде қиындықтан адамдарды құтқарған батырларына құрмет көрсетті.
Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы