Алматыда жыл басынан бері 59 мыңға жуық тізгінші жол ережесін бұзған

Алматыда жыл басынан бері 59 мыңға жуық тізгінші жол ережесін бұзған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл басынан бері 59 мыңға жуық тізгінші жол ережесін бұзған. «Стоп» сызығы мен жылдамдықты асырған жүргізушілер мемлекет қазынасына 605 миллион теңге төлеулері қажет. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күніне орта есеппен мыңға жуық дерек тіркеледі. Олардың барлығына есігінің алдына дейін ескерту хатын жіберу жүйесі іске қосылыпты.

Мен Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Деректерді өңдеу орталығында тұрмын. Орталықтың қызметкерлері деректер қорына түскен жол ережесін бұзған тізгіншілерге немесе автокөлік иелеріне осындай конвертке салынған ескертулерді жібереді.

Қала аумағындағы 104 бейнекамераның назарына іліккендердің барлығы осы орталық базасына келіп түседі. Жауаптылардың айтуынша, күніне орта есеппен мыңға жуық дерек тіркеледі. Олардың дені «стоп» сызығын кесіп өткендер мен жылдамдықты асырғандар. Орталық қызметкерлері алдымен көлік туралы барлық ақпаратты жинайды. Одан соң, арнайы құрылғы арқылы конвертке салынып, ереже бұзушыға жеке табыстайды.

Жол ережесін бұзғандар алған ескертулеріне сәйкес қалалық жол полициясының процессингтік орталығына келіп, айыппұлдарын төлеуі тиіс. Тиісінше жеңілдіктер де қарастырылыпты. Хатты алған күннен бастап бір апта ішінде айыппұлдың 50 пайызын ғана өтеуге мүмкіндік беріледі.

«Жол ережесі туралы заңның 889-шы, 890-шы баптарына сәйкес, жыл көлемінде адресат көлік тізгіншісінің, иесінің қолына жеке тапсырылмаса, оның айыппұлы автоматты түрде жойылады. Ал ескертуді қолына алған сәттен бастап төлеуге міндетті. Жеті күннің ішінде келіп төлесе, айыппұлдың жартысын ғана төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр», - деді  Алматы қаласы ІІД процессингтік орталықтың маманы Сарыбай ОРАҚБАЙ.

Жыл басынан бері процессингік орталыққа 605 миллион теңгенің айыппұлы салынған 59 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі келіп түскен. Ал осы уақытқа дейін 53 мыңнан аса тізгінші 681 миллион теңге айыппұл төлеген.

Азамат Әуезхан, Рашиддин Якубов, «Алматы» телеарнасы  

Новости партнеров