|
16.06.2017 | 10:01
2572

168 алматылық отбасы баспаналы болды

168 алматылық отбасы баспаналы болды

168 алматылық отбасы баспаналы болды. Атлетикалық ауылда орналасқан пәтерлердің иесі атануға тұрғын үй комиссиясынан 1665 азамат өткен. Су жаңа баспанаға көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек жандар, мемлекеттік қызметкерлер мен әскери тұлғалар қоныстанды. Кезекте тұрған халыққа пәтер кілтін қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы өзі келіп тапсырды.

¤Мәре-сәре болған халық үшін ерекше күн. 37 жастағы Индира Сүлеймен екі баласы мен жасы келген анасын жалғыз өзі асырайды. Осыған дейін өзгенің тамын пана етіп келген отбасы кезекте 8 жылдай тұрыпты. Ол толық емес отбасы категориясы арқылы екі бөлмелі үйдің иесі атанып, қуанышын жасыра алмады. 

«Мен өте қуаныштымын. Осы көптен күткен пәтерімді алып отырмын. Өте сапалы, бәрі организовано жасалған. Енді барлығы ұнап тұр. Мен жалдамалы пәтерде тұрдым.енді өзімнің пәтерім екенін білемін, өзімнің баспанам, өзімнің шаңырағым»,- деді Қала тұрғыны, Индира СҮЛЕЙМЕН. 

Индира секілді тағы 167 отбасы пәтер кілтін алуды тағатсыздана күтті. Бәрінің арманы орындалып құтты қоныстарына жайғасты. Халықты қуанышымен құттықтаған қала әкімі Бауыржан Байбек баспаналы болғандардың саны артып жатқанын атап өтті.

«Әрбір қазақ шаңырағында осындай жақсылық болсын. Елбасы оның саясаты осы 25 жыл ішінде қарапайым біздің азаматтарымызға жақсылық жасау, 25 жыл ішінде берілген пәтерлердің шаршы метрі екіге өсті. 42 млн шаршы метр. Одан да әрі

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламасы сияқты басқа да бағдарламалар арқасында осындай пәтерлерді салатын боламыз. Осы екі аптаның ішінде 400-ден аса пәтер қала тұрғындарына берілді. Сіздерді осы қуанышпен рамазан айында құттықтаймын шын жүректен»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

23 гектар аумақты алып жатқан Атлетикалық ауылда тұрғындардың қауіпсіздігіне аса мән берілген. Мұнда халықтың тыныштығы үшін қарауыл жүйесінің соңғы үлгілері орнатылған. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы, банк пен пошта филиалдарымен қатар аурухана да жұмыс істеп тұр. Шаһар басшысы универсиада кезінен қызмет көрсетіп тұрған емхананың да жұмысымен танысып өтті.

«Емханада ең керек деген мамандар жұмыс істейді. Офтальмолог, кардиолог, невропотолог сияқты негізгі дәрігерлер қызмет көрсетіп жатыр. Мекеме 100 адамға шақталып жасалған, алайда біз күніне 120-130 адамды қабылдауға бармыз»,- деді Емхана директоры, Майра БАҚБЕРГЕНОВА. 

Биыл жыл соңына дейін тағы 4 жарым мың отбасы баспана бақытына кенелмек. Соңғы 5 жылдың өзінде қалада  кезекте тұрған азаматтарға 10 мыңға жуық пәтер үлестіріліпті. Биыл кезекке тұру жүйесі де халық үшін оңтайландырылған көрінеді. Енді кезек тізімі электронды үкімет арқылы жүзеге асады.

Назкен Байтілес, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир