Алматының 47 учаскісінде жүргіншілер жолы жөнделуде

Алматының 47 учаскісінде жүргіншілер жолы жөнделуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 250 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілмек. Қазір соның 69 мың шаршы метрі аяқталған. Байтұрсынов көшесі Тимирязев және Абай даңғылына дейін толығымен жаңартылуда. Сондай-ақ, Жандосов көшесі Саиннан Таусамалы ауылына дейін жөнделуде. Биыл қала көшелерін қалыпқа келтіруге жергілікті бюджеттен 9,5 миллиард теңге бөлінген.

Осыдан 1 апта бұрын Абдуллиндер көшесіндегі бұл аумақ қоршалып тұрған. Сондықтан, жүргіншілерге бұл жермен өту мүмкін болмап еді. Енді кедергілер алынып тасталып, жол абаттандырылуда. 

Тұрғын үй маңы бұған дейін көлік тұрағы ретінде пайдаланылып келген. Өткен аптада қала әкімі Бауыржан Байбек көшпелі жиын барысында Абдуллиндер көшесін Бөгенбай батырдан Төле би көшесіне дейін жүргіншілер жолын ашуды тапсырған болатын. Бүгін қала басшысы қалпына келтірілген аумақты тексеріп шықты. 

Қазіргі таңда, жұмыс 70 пайызға аяқталған. Жүргіншілер жолымен қоса, арық жүйесі мен көгалдандыру да жүргізілді. Барлық заңсыз қоршаулар алынып тасталған.

Мына үйде тұрып жатқандар қиындық көріп жүретін. Былай айналып келетін. Мына жерде машинаның жолымен айналып мынаған түседі. Балалар болсын кім болсын. Тік қой жақсы ғой мынау. Көп жақсылық қой рахмет.

Қазіргі таңда, Алматыда аумағы 18 шақырымдық  47 учаскіде жүргіншілер жолы жөнделуде. Осы уақытқа дейін 8,5 шақырымдық жол жасалып қойған. Сондай-ақ, аялдамалар да қайтадан жаңартылып жатыр.  

«Алатау ауданында Алғабас және Ақбұлақ ықшамауданында 10 километр жол құрылысы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Наурызбай ауданында да Қалқаман және Алты алаш ықшамаудандарында 17 километр жол құрылыстары жүргізіліп жатыр қазіргі таңда. Сонымен қатар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлікке арналған аялдамалар жөнделетін болады. Қазіргі таңда 18 километр жүргізілді жаяу жүргінші жолдары»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, Айдын ТОЙБАЗАРОВ.

Биыл Алматыда жолдардың мәселесін біржақты ету үшін 9,5 миллиард теңге қарастырылған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 бригада жұмылдырылған. Олар 29 көшеде орташа жөндеу жұмысын аяқтапты. Қазір 25 көшеде асфальт төселуде. Келесі айда 114 магистральді көше мен аумағы 84 шақырымға жуық көше жасалады.

Перизат Көмекбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров