Алматыда №56-шы бағыттағы автобустар жаңарды

Алматыда №56-шы бағыттағы автобустар жаңарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жолаушыларды «Сәлем» базарынан «Қазақфильм» шағын ауданына дейін таситын нөмірі 56-шы бағыт бойынша жаңа 16 автобус жолға шықты. Ал екеуі резервте тұр. Қаперде болса, бұл бағытқа бұрын жеке тасымалдаушы компания қызмет көрсеткен еді. Ол бар-жоғы 4 автобус қойып, жолаушыларды 40 минутқа дейін күттіріп келіпті. Заманауи 12 метрлік, төмен еденді қоғамдық көлік әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың мінуіне ыңғайлы етіп жасалған. Автобустың сыртында жүргізушіні шақыруға арналған сенсорлы дабыл батырмасы жұмыс істейді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жасалған. Бұрын енді «Тегистранс»  осы маршрутқа қызмет көрсеткен кезде, оларда жоспар 14 автобус болған. Бірақ олар 4-5 автобустан артық қоймаған. Сондықтан олардың автобустар арасындағы интервал 40 минут болған. Қазір енді біз бір жағынан жоспарды көбейттік. 16 автобусқа дейін. Екіншіден 100 пайыз шығатын болады. Сондықтан біздің есебіміз бойынша интервалы 5 минутқа қысқаруы тиіс», - деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Халық арасында кең сұранысқа ие бағыт бұрын тәулігіне 2 мыңға жуық жолаушыны тасымалдаған. Енді автобустардың саны көбейгендіктен, бұл көрсеткіш 7 мыңға дейін өседі деп күтілуде. Еске салсақ, Алматыда 15 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шығып, нөмірі 77-ші бағыт қайта жаңарған болатын. Қала әкімдігі ақпан айының аяғына дейін автобустарды жаңалау жұмысы жалғасатындығын жеткізді. Осыған орай, қоғамдық көлікті жүргізетін жүргізушілерге жаңа жұмыс орындары ашылғалы отыр.

«Біздің қалада автобус жүргізітен жүргізушілер өте тапшы. «Алматыэлектротранс» коммуналдық мекемесіне де аз. Егер де осындай үлкен автобус айдайтын қаланың тұрғындары болса, келсе болады. Шевченко мен Әуезов көшесінің қиылысында біздің «Алматыэлектротранстың» офисі орналасқан. Сонда келіп өтініштерін берсе, біз жүргізушілерді жұмысқа қабылдаймыз», - деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.


Новости партнеров