Алматының жол қиылыстары полицейлермен басқарылуға көшіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы 70-тен астам жол қиылысы полицейлермен басқарылуға көшіріледі. Кешеден басталған шара көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Кеше орын алған ұзын сонар көлік ағынан кейін Алматының тәртіп сақшылары осындай режимге көшіпті. Сонымен қатар, құзырлылар қар тазалауға кедергі келтіріп, жол жиегіне көліктерін қаңтара салатын тізгіншілерге де шара қолданбақ және дөңгелектерін ауыстырмағандарға 1 желтоқсанға дейін уақыт берілді.
«Қардың көптеп жаууының салдарынан Алматы қаласындағы жол қозғалысы едәуір күрделенгені қазіргі таңда барлықтарыңызға мәлім. Бүгінгі таңда, жолдағы ахуал тұрақтандырылды. Әйтсе де барлық қатысушыларға айтанымыз, жол жүру ережесін бірден-бір сақтап жүру керек. 70-тен аса қиылыстарды қолмен реттеу жұмысы қолға алынды, яғни жол патрульдік полициясы қызметкерлері және арнайы мамандандырылған батальонның қызметкерлері»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
22 қыркүйекке арналған валюта бағамы
22.09.2026 08:20