Алматы облысындағы балалар үйінен өрт шықты

Алматы облысындағы балалар үйінен өрт шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Облыстық нөмірі бірінші балалар үйінінен өрт шықты. Қызыл жалын нысанды өткен түні шарпыған. Сол сәтте өрт құрсауында 170-тен аса адам қалған. Төрт бүлдіршін мен бір ересек адам зардап шекті. Олар қазір қалалық бірінші ауруханада жатыр. Науқастардың денсаулықтары бірқалыпты.

Өткен түнде отқа оранған дәл осы балалар үйі. Қызыл жалын алқымдалған мен күлге айналған шатырлар құлап, тесілген құбарлардан су ағып жатыр. Өрт өшкеннен кейін де қара түтін біразға дейін сейілмеді.

 «Алғашқы өрт сөндіру тобы келгенде жалынның екінші қабаттағы жатын бөлмеден басталғаны белгілі болды. Одан кейін баспалдақ пен үшінші қабат өртке оранған. Қазір жалын толық өшірілді. Тазалау жұмыстары жүргізілуде»,- деді Алматықаласы ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары басшысының орынбасары, Ерлан ӘЛІБЕКОВ. 

Алдын ала болжам бойынша жалын шығар есікті жауып қалған. Мұнда өртенген кереует пен кітаптар жатыр. Абырой болғанда өрт сөндірушілер уақытында жетіпті. Жалпы саны 161 бала мен 12 тәрбиеші құтқарылды. Олар балалар үйінің басқа бөліміне жайғастырылды. Бірқатарына алғашқы медициналық қызмет те  көрсетілген. Өрттен 4 бүлдіршін мен бір ересек адам зардап шегіп, қалалық бірінші ауруханаға жеткізіліпті.

 «Балалар ауруханасына төрт жасөспірім жеткізілді. Оларға тоқталсақ, бір науқаста омыртқа жарақаты бар. Қалған үшеуінде іш қуысынан жарақат алған. Сонымен қатар, тіндердің зақымдануы байқалған. Науқастар қазір ауруханада, жағдайлары бірқалыпты»,- деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі, Нұржан ИСАБЕКОВ.

 Балалар үйінен шыққан өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылған. Жалпы аумағы 180 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау жарты сағатта толық өшірілді. Қазір қызыл жалынның неден пайда болғаны анықталып жатыр.

 Аршын Кемелжан, Рашит Ильясов, Арсен Сандыбаев, "Алматы" телеарнасы

 

 

Новости партнеров