|
03.11.2016 | 14:27
2031

31 мемлекеттен келген кәсіпкерлердің басы Алматыда тоғысты

31 мемлекеттен келген кәсіпкерлердің басы Алматыда тоғысты

31 мемлекеттен келген кәсіпкерлер, 200 жергілікті және халықаралық компания өкілдерінің басы Алматыда тоғысты. Тауар өндірушілер азық-түлік өнімдерін, сусындарды, жабдықтар мен технологияларды жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ірі көрмеге әкелген. Мұндай шара өнім өндірушілер үшін тиімді. Бизнесмендер өзара пікір алмасып, серіктес табуға мүмкіндік бар. Биыл көрмеге Шри-Ланка, Бразилия және Индонезияның тауар өндірушілері де келіпті. Ал, Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер шараға ұдайы қатысады. Бүгінгі іскер топпен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов те танысып қайтты.

«Өнеркәсіп жағынан алғанда, жалпы аймақтық өнім ішіндегі айтарлықтай үлеске қарамастан, біз басқа да облыстармен бәсекелесе аламыз. Әрине, жер бар, аймақ бар, көптеген жергілікті пункттер бар. Өнеркәсіптің ішінде 40 пайызы тамақ өнеркәсібі», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан ӘУКЕНОВ.

Өзбекстанның ауылшаруашылық мекемелері көрмеге алғаш қатысты. Одан бөлек, отандық өнім өндірушілер де ет, балық, кондитерлік өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

«Қазақстан экономикалық жағынан қарағанда, ең ірі нарықтың бірі болып отыр. Біз мұны жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл мемлекеттің дүкен сөрелеріне сапалы тауар қоюды көздеп отырмыз», - деді кәсіпкер Азрет АЛЬЧИГИРОВ (Ресей).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир