|
12.07.2018 | 18:45
5123

Алматы аудандарындағы аулалар жаңартылуда

Алматы аудандарындағы аулалар жаңартылуда

Алматының ескірген аулалары жаңаруда. Жыл соңына дейін Алмалы ауданындағы 60 аула толықтай түрленеді. Мамандар бүлдіршіндерге арналған ойын алдаңдарын тұрғызып, спорттық жабдықтар орнатады. Сондай-ақ, аулалардың айналасы абаттандырылып, жарық шамдар қойылады.  

Алмалы ауданы Нұрмақов көшесінде қазір жұмыс қызу. Бұрынғы тоз-тозы шығып, тот басқан әткеншектер алмастырылып, ойын алаңы толық жаңартылған. Жұмысшылар оны аяқтауға жақын. Қазір тек төсенішін қою ғана қалыпты.

Жаңарған ауланың бірінде балалар асыр салып ойнап жүр. Онда балалар ойнайтын алаңқай, дене шынықтыруға арналған жабдықтар, тіпті, футбол ойнауға арналған алаң да бар.

Алмалы ауданындағы аулаларды түрлендіру жұмысы мамыр айында басталып кеткен. Биыл жалпы саны 60 аула жаңартылады. Мамандар жыл соңына дейін белгіленген жоспарды толықтай орындауды көздеп отыр.

«Қазіргі уақытта аулаларымызда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың барысында  асфальттық төсемелерді ауыстыру, жарық шамдарын орнату және жаңадан балалар және спорттық алаңдарын ұйымдастыру, орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында міндетті түрде өзіміздің тұрғындарымыздың сұраныстары толығымен ескерілуде», – дейді Алматы қаласы Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Олжас ӘБІЛХАНОВ.

Қазір Алмалы ауданында 900-ге жуық аула бар. Соңғы екі жылда олардың 175-і жаңартылған. Аулаларды түрлендіру жұмысы қала бойынша қарқынды жүргізілуде. Былтырдың өзінде 500-і жөндеуден өткізілген. Осы жылы тағы 600-і тұрленеді.

Перизат Көмекбайқызы, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир