2017 жылы Алматыда 28 мың абонент үшін жаңа су құбыры мен кәріз жүйесі салынады

2017 жылы Алматыда 28 мың абонент үшін жаңа су құбыры мен кәріз жүйесі салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы Алматыда 28 мың абонент үшін жаңа су құбыры мен кәріз жүйесі салынады. Алатау ауданында 167 шақырым жаңа жүйе, яғни 116 шақырым су құбыры мен 51 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілмек. Оған қоса, 21 шақырым жүйе қалпына келтірілетін болады. Соның арқасында коммуналдық желілердің тозуы 6 пайызға төмендетілмек. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов Алматы қаласы мәслихатының 12 сессиясында мәлімдеді.

«Қаланың заманауи және жайлылығы көрсеткішінің бірі дамыған инженерлік инфрақұрылым болып табылады. Келесі жылы энергетика және коммуналдық шаруашылыққа 43,3 миллиард теңге қаржы құйылмақ. Бұл осы жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Шығынның төрттен бір бөлігі жаңадан қосылған аумақтың жүйесін жетілдіруге жұмсалады», - деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат ҚИҚЫМОВ.

2017 жылы 15 шақырым жылу жүйесі жөндеуден өткізілмек. Аталған жұмыс 214 нысанды үздіксіз жылумен қамтуға бағытталған. Нәтижесінде, жылу жүйесінің ескіруі 2 пайызға қысқарып, 62,5 пайызды құрап, шығын 18,3 пайызға кемімек.


Новости партнеров