|
18.07.2018 | 13:21
7458

Алматыда ауыз су фонтаны орнатылды

Алматыда ауыз су фонтаны орнатылды

Алматының Медеу ауданында жаз соңына дейін он ауызсу фонтаны орнатылады.

Қазір аулаларды жаңғырту жобасы бойынша ашылған екі саябақта екі фонтан жұмыс істеп тұр. Үш мәрте сүзгілеу процесінен өтетін бұл құрылым алматылықтар мен қала қонақтары үшін тегін. Оны орнатуды қалталылар мойнына алыпты.

«Өткен жылы Медеу ауданында қараусыз қалған екі алаңға мемлекеттік жекеменшік серіктестік жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізіп, балалар алаңын салып, көріктендіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Аудандық әкімдіктің шешімімен сол алаңдарға ауызсу фонтандары орнатылды. Олар күн суығанда алынады, жаз мезгілі келген уақытта қайта орнатамыз», – Алматы қаласы Медеу ауданы Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекшісі Берік СҰЛТАНБАЕВ.

Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир