Алматыда жаяу жүргіншілер үшін 18 шақырымдық айналма жол салынады

Алматыда жаяу жүргіншілер үшін 18 шақырымдық айналма жол салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы екі жылдың ішінде Алматы орталығында жаяу жүргіншілерге арналған айналма серуен жолы салынады. Ол Төле би көшесі – Есентай өзенінің жағалауы және  Абай – Достық даңғылдары аралығын қамтымақ. Сондай-ақ, қала аумағындағы 15 көше қайта  қалпына келтірілмек.

Биыл мегаполистің Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев және Желтоқсан сияқты орталық даңғылдарын кілтипансыз кейіпке келтіру жұмыстар басталған еді. Құрылыс жұмыстары  қыркүйек айында толық аяқталады. Ескерілетін басты талап: көшелер тұрғындардың жаяу жүруіне ыңғайлы болу қажет.

Ал келер жылға дейін қаланың дизайн-коды жасалмақ. Онда қаладағы ғимараттар қасбеттерінің түсінен бастап, көше жабындысы, тіпті, қандай шамдардың орнатылатыны алдын-ала тексерістен өтеді.  

«Біз жоспарлап отырған айналма жүргіншілер жолы18 шақырымды құрайды. Қаланың орталығын жаңғыру мақсатында, бұл жоба халықтың жаяу жүріп-тұруына өте ыңғайлы болады деп ойлаймыз. Яғни, бұл айналма жол оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс беттегі аумақты қамтиды», – деді  Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Алмасхан  АХМЕДЖАНОВ.

Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров