Мұхтар Әуезовтің повестері тұңғыш рет ағылшын тіліне аударылды. Ұлы суреткердің 20 мен 30-шы жылдар аралығында жазған әңгімелері Англияда тәржімаланып, басылып шықты. 2 нұсқада жарық көрген басылымның бірі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шығарылса, екіншісі, шетел оқырмандарына қолжетімді болу үшін Лондонда басылған. «Қаралы сұлу» повесін Ұлыбританияда 25 жыл бойына кітап, фильм сценарийлерін аударумен айналысқан ағылшын жазушысы тәржімалады. Бұл басылымдар заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың 120-жылдығына арналып шығарылды.
«Бірінші рет ағылшын тілінде біздің үлкен классигымыздың кітабы аударылып жатыр. Бұл кітап президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты, «Біз қазақтар» деген серияның ішіне үлкен-үлкен біздің әдеби тұлғалардың кітабы кіріп отыр. Мұқағали, Бердібек Соқпақбаев, Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, Смағұл Елубай, Герольд Бельгер сияқты үлкен-үлкен белгілі жазушылардың кітаптары шығып жатыр», - деді Халықаралық Қазақ пен-клубының президенті Бигелді ҒАБДУЛЛИН.
¤«Осыған дейін Олжас Сүлейменов, Герольд Бельгердің шығармаларын аудардым. Осы елдің әдебиетімен, мәдениетімен танысып, байланысты нығайтып жатырмыз. Расымен де, әлемдік деңгейде танылуы тиіс қазақ авторларының шығармаларын ағылшын тіліне аудару мен үшін үлкен мәртебе. Қазір Оралхан Бөкейдің еңбектерін аударып жатырмын», - деді ағылшын жазушысы, аудармашы СаймоН ХОЛЛИНГСВОРТ.