Алматыда 1-ші сыныпқа баланы электронды тіркеу жүйесі іске қосылады

Алматыда 1-ші сыныпқа баланы электронды тіркеу жүйесі іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жемқорлыққа қарсы электронды жоба. Алматыда орта білім беру мекемелерінде 1-ші сыныпқа баланы электронды тіркеу жүйесі іске қосылады. Басты мақсат - ата-ана уақытын үнемдеу және парақорлық әрекеттерге жол бермеу. Жоба қаланың барлық ауданы бойынша 200-ден астам мектепті қамтыған. Енді mektepаlmaty.kz сайтына кіріп, оқушыны қалаған мектепке тіркеуге болады. Өтінішке жауап 3 күн өнделеді. Айта кету керек, сайтта кез келген мемлекеттік мектептегі бос орындар көрсетілген. Тіркелу үшін тек бір құжат қана қажет. Ол мекен-жай анықтамасы. Жоба ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан жүзеге аса бастайды.

«Электрондық жалпы қызметтерді біздің Республика бойынша дамыту керек. Өйткені, біріншіден ол жемқорлыққа қарсы бір құрал ретінде қарастыруға болады. Өйткені бәрі ашық, бәрі жеткілікті болғанда адам не болып жатқаның түсініп жатса, осындай құралдар арқылы бізде жемқорлық азаяды деп ойлаймын», - деді қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Қазыбек ШАЙХ.


Новости партнеров