Алматыда тағы бір аялдама жанындағы сауда нысаны сүрілді

Алматыда тағы бір аялдама жанындағы сауда нысаны сүрілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алмалы ауданында тағы бір нысан сүрілді. Жалға алу уақыты аяқталуына байланысты аялдамада орналасқан сауда нүктесінің иесіне бірнеше мәрте ескерту жасалса да, қожайыны оны елемеген көрінеді.

Қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының шағымын сот қанағаттандырған. Осылайша аталған аумақ қала балансына қайтарылды. Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда осындай 73 нысан ауыр техниканың тісіне ілінген.

«Бүгін Алмалы ауданында аялдамаға жапсарлас орналасқан сауда нүктесін мәжбүрлеп сүру шарасы жүргізіліп жатыр. Оны біз сот актілерін орындаушы мамандармен біріге атқарып жатырмыз. Бұл нысанның қожайынына өз еркімен алып тастау туралы бірнеше рет хабарлама жібергенбіз, бірақ ол өз еркімен орындамады. Сот істі мемлекет тарапынан шешіп берді», – деді Алматы қаласы Алмалы аудандық Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы Гапур БАҚТИЯРОВ.


Новости партнеров