Сауда орталығындағы баға базардан арзан болмақ

Сауда орталығындағы баға базардан арзан болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауда орталығындағы баға базардан арзан болады. Оған қоса, тауардың сапасы да кем түспейді. Түрксіб ауданында жаңадан ашылатын фермерлік базар басшылығы жұртты осылай сендіріп отыр. Әріптесім Айкерім Ердәулетқызы кәсіпкерлер бас қосқан инвестициялық форумға қатысып, қаржыгерлердің тың жобаларымен танысып қайтты. Сонымен, ауданда алдағы уақытта қандай өзгерістер болады? Тілшіміз сөз алсын.

Оңтүстік Астаналықтарға таза табиғи өнім одан әрі сапалы және арзан бағада  қолжетімді болады. Тауардың сан түрін қалалықтар Түрксіб ауданында  күзде ашылатын фермелік орталықтан табады.  Ондағы өнімнің бағасы нарықтық құнан 15 пайызға төмен саудаланбақ. Кәсіпкерлердің бұқараға мұндай жағдай жасауы үшін мемлекет тарапы қолдау білдірген. Нақытарқ айтқанда, нысанның бой көтеуі үшін «бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы  аясында 4 миллиард теңге қаржылық қолдау көрсетілген. Оның 788 миллион теңгесі бизнесменге берілген субсидия көлемі.

«Базардан сатып алатын азық-түліктің сапасы сауда орталығынан қарағанда әлдеқайда жақсы. Сондай-ақ, бағасы да едәуір арзан. Енді осы талаптардың барлығы жаңадан ашылатын фермелік орталықта ескеріледі. Сондай-ақ, тұтынушыға азық-түліктен басқа құрылысқа қажетті материалдарда болады. Яғни, бір орталықтан тұрмыстық жағдайға қажеттінің барлығын таба алады»,- деді Сауда орталығының директоры, Руслан ЕРЕКЕШЕВ.

Кәсіпкерлерге көрсетілген қолдаудың арқасында, бір ғана Түрксіб ауданында бір жарым жылдың ішінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.  58 кәсіпорынға 75 миллиард теңге  көлемінде қаржылық қолдау көрсетілген. Мәселен, 3 миллиард 700 миллион теңге - газбен жүргізілетін 137 автобус алыныпты. Оның 637 миллион теңгесі мемлекеттік субсидия. Әйтсе де, қоғамдық көліктердің жөндеу жұмысына қажетті қосалық бөшектердің бағасы аспандап кеткені қиындық туғызады.

«Қосалқы бөлшектердің басым бөлігін АҚШ, Қытай, Германия, Голландия елдерінен алдырамыз. Біріншіден, уақыт жағынан ұтыламыз. Екіншіден, тауардың құны долларға байланып тұр. Сондықтан, өзімізде өндіріс орнын ашып, тауар шығармағанша, жағдайымыз түзеле қоймайды»,- деді Кәсіпкер, Бақытжан РЫСБАЕВ.

Иә, тірліктің түзеле қоймасы анық. Өйткені, 3 жыл бұрын Түрксіб ауданына қосылған Қайрат, Колхозшы және Әлмерек ауылдарынан қоғамдық көлікпен қатынау әлі де қиындық тудырады. Оның үстіне, аудан аумағында жеке үйлер көп. Кесірінен, тұрғындарға сереуендейтін жер жетпейді. Осы ретте, 139 гектар аумақты алып жатқан, 100 мың ағашы бар Баум бағын министрлік жергілікті билікке берсе, пайдаға асырар едік дейді,- аудан басшысы.

Ауылшаруашылығы министрлігіне 3 жыл бұрын қала меншігіне Баум бағы берілсін деген өтініш берген едік. Біз бұл аумақты демалыс орталығына айналдырар едік. Әзірге Түрксіб ауданының тұрғындары өзге аудандарға баруына тура келеді. Сондай-ақ, «Жас қанат» ықшам ауданына биыл қоныс аударатын 12 мыңға жуық адамды қосыңыз. Олардың барлығы қайда барып демалады? Осы сауал қазір қызу үстінде",- деді Түрксіб ауданының әкімі, Владимир УСТЮГОВ. 

Соңғы он жылда ауданда халық саны 100 мыңға артқан. Нәтижесінде, сауда айналымы қыза түсіп, бүгінде  бөлекшек және көтерме сауда нарығы 486 миллиард теңгеден асып жығылған. Ал салықтық түсім 36,5 миллиард теңгеге жетіпті. Оның 30 пайызы кәсіпкерлердің үлесінде.  

Әйкерім Ердәулетқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров