Алматыда «Музей түні-2018» атты шара өтті

Алматыда «Музей түні-2018» атты шара өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық музей күні. Осыған орай, Алматыдағы бірнеше мұражайда «Музей түні-2018» атты шара өтті. Бұл түні қала қонақтары мен тұрғындарына сан алуан қызыққа толы бағдарламалар мен жанды қойылымдар ұсынылды. Мәселен, Орталық мұражайға келушілерге түрлі ғасырларды қамтыған көрме мен интерактивті экспозициялар таныстырылды.


 Бүл күні мұражай күндіз ғана емес түнде де жұмыс істеді. Оған себеп, 2006 жылдан бері өтіп келе жатқан «Музей түні» шарасы. Бұл түрлі жастағы, көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстыратын мекен. Жалпы шараны өткізу форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Мәселен, биыл ұйымдастырушылар ерекше дайындалыпты. Осы аралықта түрлі тақырыптарды, ғасырларды қамтыған көрмелерді тамашалауға, өткен ғасырға сапар шегуге мүмкіндігі болды. Кештің көркін «Жаңғырған мұра», «Адам. Дәуір. Байланыс», «Руханият ескірткіштері» атты көрмелер кіргізді. Оған қоса, Париж аспанын әнге бөлеген Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолын интерактивті экспозициядан көруге мүмкіндік болды.


Музей түнінде көрмелерден бөлек, концерт ұйымдастырылды. Этникалық стильде үнді кхахат, испан фламенкасын және шығыстың биі орындалды. Шығармашылық зертханада шеберлік сабақтары өтті. Онда қыш құмыра ісін, әйнекті көркемдік өңдеу, нүктелі өрнек, декупаж, жапон каллиграфиясын жасап көруге болды. Сондай-ақ этникалық «Алтын тыныс» және шаш және бет әрлеу үлгісіндегі «Жұмақтағы бақ» коллекциясы көрсетілді. Келушілерді таңдай қақтырып, ерекше таңғалдыратын шоу бағдарламада дайындалған.  

Орталық музейдегі шара кешкі сағат 17.00-ден басталып, түнгі сағат 24.00-ге дейін өтті.

Новости партнеров