Алматыда елу сауда орны жіті тексеріледі

Алматыда елу сауда орны жіті тексеріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 50 сауда орны жіті тексеріледі. Жауаптылар базарлар мен гипермаркеттерді аралауды алдағы айдан бастайды. Тексеріс бір айға созылады. Инспекторлар, әсіресе, өрт қауіпсіздігіне мұқият мән бермек. Талаптар сақталмаған орындар туралы мәліметті төтеншеліктерге тұрғындардың өздері де хабарлай алады. Жауапты орган түскен шағымдардың әрбірін жеке қарастырамыз, дейді.

«Егер арыз белгісіз адамнан келсе, біз оны қарамаймыз. Оның үстіне заңнамаға сәйкес тек нақты деректерге сүйенеміз. Егер арызданған азамат нысанның жалпы қауіпсіздігін тексеріңіздер десе, біз білек сыбана кірісе алмаймыз. Өйткені, кәсіпкерлік туралы кодексте ондай талаптар жоқ. Ал эвакуациялық есіктерінде құлп тұр десе, онда әлгі нысынға тексеріс жүргізуге болады», - деді Алматы қаласы ТЖД техникалық нормалау бөлімінің басшысы Родриго РОЗЕНБЕРГС.



Новости партнеров