Алматыда студенттер есірткі сатумен айналысқан

 Алматыда студенттер есірткі сатумен айналысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда есірткі саудасының ерекше түрін тапқан қылмыстық топ құрықталды. Өткен жылы қолға түскендер, тауарды онлайн төлем жүйесі арқылы сатуды жолға қойыпты. Құзырлы органның мәліметі бойынша, саудагерлердің дені жоғары оқу орнында оқитын студенттер. Топтың екі мүшесі  құйтырқы әрекеттерін әлеуметтік желі арқылы да жүзеге асырған. Жалпы, өткен жылы есірткіні сақтау, сату, дайындау деректері бойынша Алматыда 42 адам бас бостандығынан айырылса, оның бесеуі - әйел. Ал биыл алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша, 18 азамат темір торға тоғытылыпты. Жазаның ең ауыр түрі 10 жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Қара базарда гашиш, героин және марихуана сұранысқа ие көрінеді.

«Біз қарайтын істердің дені ұсақ қылмыстар. Яғни есірткі саудасының басында тұрған дөкейден саудагер сатып алып, одан әрі таратады. Оларды анықтау қиын, оның үстіне біздің тәжірибемізде ондай оқиға болған жоқ»,-деді Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мәртпек КӘКІМЖАНОВ.

Новости партнеров