Қазақстан туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарда шығатын жарнамаларды көбірек шығару керек. Сонымен қатар, әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтер түсіру қажет. Бұл туралы еліміздің туристік ақпараттық орталықтарының кездесуінде айтылды. Жиынға келгендер өз жоспарларымен бөлісіп, туризмді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салды.
«Алматыға келгісі келетіндердің саны күн санап артып келеді. Көбіне, АҚШ пен Аустралиядан келетін туристер көп. Біз Алматыны тек шетелдік қонақтарға ұсынбаймыз. Қала тұрғындарына да әдемі жерлерге барып, демалуға кеңес береміз. Ол үшін мегаполис көшелеріне арнайы тақтайшалар қойдық. Онда демалыс күндері қай жерге барып, уақыт өткізуге болатыны көрсетілген. Сонымен қатар, Алматыны шетелге кеңінен таныту мақсатында арнайы бейнероликтер дайындап жатырмыз. Маркетологтармен жұмыстар жүргізілуде», - деді Visit Almaty директоры Камила ЛҰҚПАНОВА.