Алматыда жоғалған қарағандылық жігітке туыстары іздеу салды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыға Қарағандыдан емделуге келген жігіт жоғалып кетті. Ата-анасының айтуынша, 31 жастағы жігіт 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Туыстары Тілек Дүйсенбаевтың ақыл-есінде ауытқушылық барын айтты. Бірнеше айдан бері емделіп жатқан жігіт сауықтырудан соң тәуір болғандай еді дейді жоқтаушылары. Тілектің үстінде тек шолақ шалбар ғана болған.
«Таба алмай жатырмыз. Сіздерге өтініш жазып, көмектеріңізді сұраймыз. Аты-жөні: Тілек Дүйсенбаев, 1987 жылы туылған. Егер баламды көрген болсаңыздар көмек көрсетсеңіздер екен. Көрген-білген адам болса, милицияға хабарласса болды, о жақтағылардың бәрі хабардар. Бала табылып қалар деген үмітімізді үзбейміз», – дейді Қайрат ДҮЙСЕНБАЕВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45