Алматыда ботаникалық бақты қайта жаңғыртады

29.06.2018 17:08

Болат Өтемұратов қоры Алматыдағы Ботаникалық бақты қайта жаңғыртуға дайын. Жоба аясында демалыс орнының тұтастығы мен ерекшелігі сақталады. Жалпы құрылыс жұмысы 27 гектар аумақты қамтиды. Қоршаулар, баққа кіретін үш топ алмастырылады. Оған қоса, сумен жабдықтау және суару жүйесі қалпына келтіріледі. Жоба осы жылдың қыркүйек айы мен келесі жылдың желтоқсанына дейін созылады. Оның тұжырымдамасы бүгін Алматыда қоғамдық кеңесте талқыланды.

«Бұл жерде бірден айта кетені мәселе бұл ақша ешқандай құрылыс желілеріне емес немесе өзінің дүкеншілеріне емес, тамақ беретін кафелерге емес, бұл жердің бәрі осы қоғамдыққа қалаға арналып, осы халықтың ескертпелері мен мұңын ескере отырып, бұл жердегі жұмысты ары қарай айқындап, бағытын айқындап, қай бағытта даму, қалай қолдану не қолдану қандай материалдарды қолдану бойынша осыны айқындау мынау қоғамдық кеңесте бүгінгі тақырыпты талқылау болды»,-деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Перизат Көмекбайқызы, "Алматы" телеарнасы.