Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы жаңаша түрленбек

Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы жаңаша түрленбек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Южный» паркі жаңаша түрленбек. Демалыс орнын кілтипансыз кейіпке келтіру керектігін қала басшысы Бауыржан  Байбек тапсырды. Сыннан кейін жауапты мамандар шұғыл түрде жиын өткізіп, жергілікті тұрғындардың пікірін ескерді. Енді саябақтың жолы жөнделіп, су бұрқақтар орнатылады. Оған қоса, веложолақ салынып,  стационарлы дәретхана мен орындықтар қойылмақ. Ал бүлдіршіндер үшін арнайы балалар алаңқайы ашылады. Бастысы, арық жүйесі ретке келтіріледі.

«Салауатты өмір салтын сақтайтын азаматтар саябақтың ішін де гимнастикалық жабдықтар қоюымызды өтінді. Ал иттермен серуенге шығатындар арнайы орынның бөлінуін сұрады. Үлкендер болса, қоқыс жәшігі көптеп қойылса деген өтініш білдірді. Осының бәрін біз ескеретін боламыз», - деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Олжас ЖАНЫСПАЕВ.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек жұмыс барысымен Оқушылар сарайы маңындағы саябаққа да ден қоюды қадап айтты. Әкім оңтайландыру барысында,  жасыл желекке кесірін тигізбеуі керектігін ескертті.


Новости партнеров