Алматыда студент-кәсіпкерлерді қолдауға байланысты ұлттық байқау басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда студент-кәсіпкерлерді қолдауға байланысты ұлттық байқау басталды. Сайысқа еліміздегі 50-ге жуық жоғары оқу орындарының командалары қатысып, 90-нан аса бизнес-жоба ұсынылды. Мақсат - студенттер мен кәсіпкерлерді біріктіріп, ерекше идеяларды жүзге асыруға бағытталған. Идеялар аштық пен қайыршылықты, гендерлік теңсіздікті жою, табиғи энергия мен экология жүйесі сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтуы тиіс. Биыл аталмыш халықаралық байқаудың елімізде өтіп жатқанына 20 жыл толыпты. Бизнес додадан жүйрік шыққан топ Қазақстан атынан инновациялық тың жобаларын әлем кубогында қорғайтын болады. Жеңімпаз жас кәсіпкерлер Ұлыбританияның Лондон қаласына қыркүйек айында аттанбақ.

«Әрбір топта жеке кәсіпкерлер мен ресми тіркелген компаниялар бар. Біз студенттерге бизнес-жобаларды қалай алып жүру керектігін, заңды жолмен табысқа жетуді, қалай салық төлеу керектігін үйретеміз. Әлем бойынша, бұл байқауға қатысушы студенттердің 26 пайызы кәсіпкерлікпен айналысып кетеді, ал қалғаны диплом алған соң қиындықсыз жұмысқа тез орналасып алады», - деді Enactus Kazakhstan ұлттық байқауының президенті Альбина ЕРЖАНОВА.

Студенттердің бастамасымен шыны және бөтелкелерді қайта өңдеу, аутизмі бар балаларды түзету орталықтары, жұмыссыз, үйсіз адамдарды қызметпен қамту сияқты жобалар іске асырылған. Сондай-ақ қымыздан балмұздақ, женттен піспенан сияқты азық-түлік өнімдері де ойлап табылыпты.

«Зейнеткерлердің зейнетақылары өте төмен және жағдайлары да сол деңгейде болуы мүмкін. Сондықтан біз соны ойлай отырып, студенттер зейнеткерлердің үйлерінде тегін тұра арқылы оларға көмектеседі. Бір - біріне бауыр басып және жақсы нәтижеге жеттік деген ойдамыз осы жоба барысында», - деді студент Жазира БЕРДІБАЙ.


Новости партнеров