Алматыда 10 мыңнан астам текше метр қоқыс шығарылды

24.04.2018 02:23

Алматыда өткен қалалық сенбілікте мың жарым КамАЗ-дан аса қоқыс шығарылды. Қала тұрғындары көшелерді, аулаларды, арықтар мен саябақтарды тазалады. Өзен арналары мен жағалаулар да қоқыстан арылды.  Қаланың коммуналдық қызметтері мен мекемелері бір күнде 10 мың 760 текше метр қоқыс жинады. Нәтижесінде 1537 КамАЗ-ға тиеуге тура келді. Сенбілік күні қала аумағы бойынша 3 мың  764 ағаш отырғызылды. Алматы әкімінің шаһарды көріктендіру жөніндегі тапсырмасы бойынша биыл жалпы аумағы 55 мың шаршы метр гүлзарлар ашылады, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштың 35 түрі егіледі.


Теги: субботник