Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевтің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Оның аты-жөні мен суреті бейнеленген тақтайша қаладағы Жамбыл және Төлебаев көшелерінің қиылысындағы өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді. Мемориалды тақтаның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, үзеңгілес достары мен көзін көрген азаматтар қатысты. Мақтай Сағдиев әртүрлі жоғары лауазымды қызметтерді зор абыроймен атқарып, өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық дарынын туған елінің игілігіне жұмсады.
«Әкем еңбекке ерте араласты. 14 жасынан бастап жұмыс істей бастаған. Ұзақта ғибратты ғұмыр кешті. Еңбек өтілі 65 жылдан асады. Саналы ғұмырын ұлтының қамы үшін тәрк етті. Әкемнің жүрегі елім, жерім, тілім, дінім деп соқты»,-деді Мақтай Сағдиевтің қызы Ғалия САҒДИЕВА.