Алматыда Жұмат Шаниннің құрметіне ескерткіш тақта ашылды

07.09.2018 23:42

Бүгін Алматыда қазақтың алғашқы режиссері әрі драматургі Жұмат Шанинге арнап мемориалды тақта ашылды. Ол режиссердің 1930-шы жылдары тұрған үйіне орнатылды.

Жұмат Шанинді көпшілік казақ театрының негізін қалаушы ретінде таниды. Ол алғаш болып дала театрын академиялық театрға айналдырған тұлға дейді артынан ерген ізбасарлары. Режиссер ел аралай жүріп жинаған халық әндерінің, дәстүрлері мен күйлері негізінде пьесе жазып, бұқараға ұсынған. Алайда, 1938 жылы «халық жауы» деген жала жабылып, атылып кетті.  

«Елімізге кәсіби театр өнерін алып келген ұлы, біздің Жұмат Шанин ағамыз. Ол кісі театрдағы ұлыларымыздың, ақсақалдарымыздың бәрін сахнаға үйреткен, театр өнеріне баулыған. Баянауылдан шыққан, қазақтың тұңғыш кәсіби театр режиссері болған», – деді КСРО халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВ.