|
07.06.2017 | 12:09
2128

Талғат Арғынбековке қатысты сот үкімі шықты

Талғат Арғынбековке қатысты сот үкімі шықты

Алматыда Алмалы аудандық көші-қон полициясының бұрынғы басшысы Талғат Арғынбековке қатысты сот үкімі шықты. Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланған ол жазаға кесіліп, шенінен айырылды. Іс материалдарына сәйкес, лауазымды тұлға өзінің сыбайластарымен бірге шетелдік азаматтардың еңбек күшін заңсыз пайдаланғандарға көмек көрсетіп келген. Талғат Арғынбеков 3 миллион теңгеге жуық пара алған. Оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ делдалдық қызмет көрсеткен Михаил Хан мен кәсіпкер Александр Гордиюкке де айып тағылды.

«Сот «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес сотталғандарға Талғат Арғынбековке өтелмеген жаза бөлігін қысқартылып, оған түпкілікті 8 жыл 2 ай мерзімге, ал Ханға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Гордиюкке ҚР ҚК-нің 367-бабы 2-бөлігімен мүлкі тәркіленіп, параның отыз еселенген сомасы 45 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болды», - деді қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Дияс МАХАМБЕТОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир