«Almaty Towers-тегі» өрт: экс-директорға қатысты сот үкімі шықты

«Almaty Towers-тегі» өрт: экс-директорға қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты жұмысшысы өртеніп кеткен «Алматы Тауэрстегі» батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай жаза дәнекерлеуші Александр Жукке де тағайындалды. Сот қос азаматты «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзды» деп айыптаған еді. Енді олар жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Бұған дейін кепілдік арқылы бостандықта жүрген Тұяқовтың қолына тура сот залында кісен салынды. Еске сала кетсек, 6 адамды ажал құштырған алапат өрт 2016 жылы күзде болған еді. Қызыл жалын құрсауында қалған ғимараттан 5 студент пен 1 дәнекерлеуші шыға алмай, тірідей жанып кеткен болатын. Құтқарушылар олардың мәйітін тек ертесі күні күл арасынан тапқан. Кейін сотта өрттен аман қалғандардың бірі сыртқы есіктің жабық болғанын айтқан еді. Осыған байланысты батут орталығының директоры Дәурен Тұяқов ұсталып, бүгін бас бостандығынан айырылды.

«Қорғауымдағы Александр Жук қарапайым жалдамалы дәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Менің ойымша, мұнда нағыз жауапты адам қайтыс болған Ниязов болуы керек. Оған қатысты қылмыстық іс бірден тоқтатылды. Бірақ Жуктың қандай кінәсі бар? Ол тек Ниязовтың бригадасындағы 5-6 дәнекерлеушінің бірі болды. Ертең сот үкімін қолымызға аламыз және 15 күн ішінде шағымданамыз», - деді сотталушы А.Жуктың адвокаты Гүлнәр ЖУАСПАЕВА.



Авторы: Жадыра Омаржан


Новости партнеров