Балалар үйінің түлегі жұмыс таппай жабығып жүр

Балалар үйінің түлегі жұмыс таппай жабығып жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балалар үйінің түлегі жұмыс таппай жабығып жүр. Алматылық Серік Кенжебековті тұрмыс таршылығы әбден тығырыққа тіреген көрінеді. Ол ел қатарлы еңбек етіп, ісінің берекесін көрсем деген ниетін жасырмады. Жұмыс ісздеп барған талай жер жетімсің дептеріс айналады,- дейді.

Дүние есігін ашқанына небәрі 5 күн бола сала анасы аяусыз тастап кеткен Серік Кенжебеков жетімдіктің талай тауқыметін тартып келеді. Қазір ол "екі қолға бір күрек таппай", жұмыс іздеп сабылып жүр. Бұған дейін Серік Алматылық әскери ұйымда жүк тасушы, кірпіш зауытында станок операторы, пәтер иелерінің кооперативінде аула тазалаушы сияқты жұмыстар жасапты. 

«Бүкіл документтерімнің бәрі бар. Қол-аяғым бар, миым істеп тұр. Бірақ ешкім жұмысқа алмайды. Хотя б дворник болсын, не болсын»,- деді Серік КЕНЖЕБЕКОВ. 

Тұрақсыз еңбектен берекесі қашқан жас жігіт қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгінген. Орталық тиісінше, Серіктің құжаттарын қабылдап, оның мамандығына сейкес жұмыс беруші компанияға бағыттапты. 

«Біздің информационный база арқылы қараған уақытта оның тіркелмегені анықталды. Одан кейін ол 2015 жылы келіп хабарласқан екен. Бірақ біздің мамандар қабылдаған уақытта жұмыс берушілердің берген мамандықтары бойынша жұмыс ұсынған. Бірақ өзінің тиісті мамандығы болмағандықтан сол уақытта жұмыс ұсынған кезде ол келісім бермеген»,- деді Алматы қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» басшысының орынбасары, Керімқұл ЖЕКЕТАЕВ. 

Енді жұмыспен қамту орталығы, мүмкіндік болса, Серікті тез арада жұмысқа орналастыру үшін тиісті шаралар қабылдап, оны өз қадағалауында ұстайтындарын айтты. Оған бос жұмыс орындарына бағытталған жолдама берілмек.  Жолдама арқылы жұмысқа тұра алмаса, уақытша әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары бар. Егер аталмыш жұмыстарда да еңбек етуге келіспесе, онда арнайы қысқа мерзімдік оқу курстарына қатысып, жаңа маман иесі атануына болады. Курстардың барлығы тегін және онда оқып жатқан қосымша шәкірақы да бөлінеді.  

«Кенжебеков Серік туралы айтатын болсақ, қарасақ ол азамат бізде ресми жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Оның жағдайына қарасақ бұл азаматтың ешқандай арнайы мамандығы жоқ екен. Бірақ соған қарамастан, біз жұмыспен қамту орталықтары ол кісіге жан-жақты көмек жасай аламыз»,- деді Алматы қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» басшысының орынбасары, Керімқұл ЖЕКЕТАЕВ. 

Қазір жұмыспен қамту орталығына 2 мыңға жуық азамат жүгініпті. Оның 320-сы мамандығын қайта өзгерту бойынша арнайы курсқа жазылғандар екен. Биыл 28  мамандық бойынша оқу курстарын өткізу жоспарда бар. Бұл дәрістерде көбіне техникалық орта мамандықтарға, яғни дәнекерлеуші, электрик, шаштараз сияқты басқа да кәсіптерге басымдық берілген.

Назкен Байтілес, Ялкунжан Әшімжанов, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров