Елімізде кәсіпкерлер саны артуда

Елімізде кәсіпкерлер саны артуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде кәсіп ашып, ісін алға өрбіткісі келетін азаматтар саны көбеюде. Оған себеп, Алматыдағы кезекті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы. Бұл қаладағы үшінші орталық. Мұнда шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері «бір терезе» қағидасымен бизнестерін ашу немесе жүргізу бойынша барлық сауалдарына жауап алады. Аталмыш орталық қызмет түрінің барлығын тегін түрде ұсынады. Бизнесті ашу және жүргізу қызметтерінен бастап, бизнес-жоспарларды ұсыну секілді кәсіп иелері үшін аса маңызды міндеттерді қамтиды. Жаңа орталық жұмысымен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те танысып қайтты.

«Көптеген көрсеткіш бойынша әлі де жұмыс жасауымыз қажет. Дегенмен, Президент ерекше көңіл бөлуде, Үкіметте реформалар жасап жатыр. Ал біздің алдымызда тұрған міндет байланысты реттеп, қарым-қатынас мәдениетін орнату. Мен қалалық кәсіпкерлер палатасының да атқарып жатқан жұмыстары көп деп есептеймін. Себебі, алматылықтар бұрын өз мәселелерімен әкімдікке келетін болса,  қазір осындай орталықтардан жауап алуда»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Жаңаша кейіпке енген қызмет көрсету орталығында 6 қызметкер кәсіпкерлерге, 4 қызметкер инвесторларға кеңес бере алады. Жалпы, жыл басынан бері 2 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы шағын және орта бизнес саласы бойынша 6233 қызмет түрін көрсеткен. Ал мемлекеттік орындарға көрсетілген қызмет саны 282-ні құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Новости партнеров