Алматының 8 ауданында жаңа жылдық шыршалар бір мезгілде жағылды

21.12.2017 22:28

Алматының 8 ауданында жаңа жылдық шыршалар бір мезгілде жағылды. Атап айтқанда, шыршалар Тұңғыш Президент паркі, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры мен Сац атындағы жастар театры, Наурызбай атындағы әкімдік пен Орталық стадион алдында орналастырылды. Ал басты шырша дәстүр бойынша Республика алаңына қойылған. Жалпы биыл мерекеге орай, қаланы безендіруге 175 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Сондай-ақ Алматыда «Үздік жаңа жылдық безендіру» конкурсы жарияланды. Байқауға өз ғимаратының сыртын сәндеген әрбір кәсіпорын немесе нысан иесі қатыса алады. Дода төрт номинация бойынша өтеді. Ғимаратты безендіру кезінде көркемдік нақыш пен ерекшелікке аса мән беріледі, дейді ұйымдастырушылар. Қорытынды 2018 жылдың алғашқы онкүндігінде жарияланады.