Астанада Сақташ Хасеновқа қатысты сот процесінің кезекті отырысы өтті

Астанада Сақташ Хасеновқа қатысты сот процесінің кезекті отырысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Сақташ Хасеновқа қатысты сот процесінің кезекті отырысы өтті. Жиында күдіктінің Укранинадан заңсыз ет тасымалына рұқсат бергені анықталған. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрілігі комитетінің бұрынғы төрағасы өзінің қызметтік бабын пайдаланып, «Хладоленд» серіктестігі басшысынан аса ірі көлемде пара алыпты. Ол «Мироновская птицефабрика» өнімдерін Қазақстан аумағына кіргізу үшін 36 миллион теңгеден аса қаражатты қалтасына басқан. Ал әлгі компаниялардың өз өнімдерін Қазақстанға тасымалдауға уақытша рұқсаттары жоқ екен. Бұдан бөлек, осы жиында Сақташ Хасеновтың қорғаушысы, өзінің туған бауыры Бақытжан Хасеновтың бұрын істі болғаны анықталды. Еске салайық, ауыл шаруашылығы министрілігі комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасенов былтыр күзде  кәсіпкерден 5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен қамауға алынған.                      

«Хасенов бірнеше адамдардың көмегін пайдалану арқылы Решетькомен келісе отырып,  2015 жылдың шілде айы мен 2016 жылдың қаңтар айына дейін «Хладоленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы Андрей Радзинскийден 36 млн 140 мың теңге көлемінде «Мироновская құс фабрикасының» құс өнімдеріне қойылған уақытша тосқауылды жою үшін қомақты пара алған», - деді мемлекеттік айыптаушы Әлібек АЙТЖАНОВ.


Новости партнеров