«Экспо-2017» көрмесінің нысандары 98 пайызға дайын

17.05.2017 16:00

«Экспо-2017» көрмесінің басталуына 25 күн қалды. Қазіргі таңда көрме нысандары 98 пайызға дайын. Шара аясында «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» бағытында Министрлер Конференциясы мен Сегізінші халықаралық форумы өтпек. Осыған орай, Орталық Коммуникациялар Қызметінде дайындық барысы айтылды. Конференцияны еліміздің Премьер Министрі Бақытжан Сағынтаев ашпақ. Жиынға қатысуға министрлер мен 10 ірі халықаралық ұйымдардың басшылары келеді.

«Министрлер конференциясы қазба отынды пайдалану, жаңармалы энергетиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру мәселелері әрі осылардың өзара байланыстары баса тақырып болмақ. Министрлер конференциясына 50 астам мемлекет қатысады деп күтілуде»,- деді «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры, Болат АҚШОЛАҚОВ.