Астанада Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 30-шы отырысы өтті

Астанада Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 30-шы отырысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Экспо » көрмесі аясында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік Инвесторлар кеңесінің 30-шы жалпы отырысы өтті. Жиынға келгендер «Болашақ энергия» тақырыбы төңірегін сөз етті. Еліміздің атқа мінерлері шетелдік әріптестерімен жүздесіп, жан-жақты осы саланы жандандыру жолдарын қарастырды. Әрі, Президент кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды.

Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің 30-шы жалпы отырысының «Экспо» көрмесі аясында өтуі кездейсоқ емес.Елбасы төрағалығымен бастау алған жиында «Болашақ энергия» көзі басты тақырыпқа айналды. Еліміздің шенділері шетелдік әріптестерімен осы саланы дамыту бағытын тілге тиек етті. Азия даму банкінің жеке сектордағы операциялар және тең қаржыландыру жөніндегі вице- президенті Дивакара Гупта, «Марубени корпорейшн» компаниясының  Еуропа, Африка, ТМД елдері бойынша аға өңірлік атқарушы офицері Наоя Ивашита кеңестің жаңа мүшелері болып енген.

«EXPO-2017 көрмесін өткізу шарамыздың мақсаты -Жаңа энергетика. Бұл еліміз үшін өте маңызға ие. Мемлекет табиғат ресурстарына өте бай болғанына қарамастан балама энергия  көздерін дамыту маңызды. Осыған байланысты Жасыл экономикаға  көшу концепциясын қарастырып, көрме аяқталған соң Астанада  жасыл технология орталығын құру ұсынылды. Біз жаңа энергия жолын дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз қажет»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Отырыс барысында еліміздің  Инвестициялар және даму министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бойынша есеп беріп, оның келесі жылы іске қосылатынын атап өтті. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларда өз ойымен бөлісті. Лоренцо Симонели Қазақстанда индустриалдық интернетті кеңінен дамыту қажет деген пікірде.Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Байқоңырдың жанында жаңа күн электр станциясының салынатынын мәлімдеді.Ресей , тарапы да Қазақстанның энергетика саласындағы рөлін ата өтті.

«Қазақстан энергия көздерін шығаратын және оны экспорттайтын үлкен мемлекет. Болашақта жанармайға сұраныстың төмендеуіне байланысты  Қазақстан болашақта бірқатар мәселелерге тап болуы мүмкін. Ия, жуық арадағы 15-20 жылда бұл  мұнай мен газ шикізатын өндіре беруге сұраныс бар деп айтуға болады. Бірақ бұл аралықты  адам өміріндегі қысқа уақыт секілді қарасақ макроэкономика үшінде жылдам өте шығатын жылдар болмақ»,- деді «Сбербанк России» басқарма төрағасы, Ерман ГРЕФ.

«Еліміз үшін бас серіктес ретінде Қытай, Ресей, Еуро Одақ құрамындағы мемлекеттер мен АҚШ, Түркия мен Араб Әмірліктері  кіреді. Сонымен қатар, әр мемлкеттен нақты бағыттағы инвесторлар айқындалды. Әр біріне жеке-жеке жоспар құрылған»,- деді Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі, Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Келелі кездесуде еліміздің энергетика саласы жанжақты талқыға түскені байқалады. Біреуі сын келтірсе, біреуі қолдады. «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци Қазақстан газ әлеуетін емін еркін қолдануға мүмкіндігі бар дейді. Ал, кей инвесторлар ел энегерикасына ақша салуға тартыншақтайтын көрінеді. Тариф тым төмен. Бұл Азия даму банкінің вице-президенті Дивакара Гуптаның ойынша, Қазақстан энергетика инфрақұрлымын жаңарту қажет. Десе де, алдағы уақытта Азия даму банкі энергетика саласында қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға дайын екендігін де жеткізді.


Новости партнеров