Астанадағы қираған коттедж: үйінді астында қалған үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді

Астанадағы қираған коттедж: үйінді астында қалған үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада опырыла құлаған құрылыс астында үш адам басылып қалды. Балқантау көшесінің бойындағы  коттедждің екінші қабаты  кеше кешке опырылып, ортасына түскен еді. Салдарынан құрылыс алаңындағы үш жұмыскер үйінді астында қалып қойды. Қираған нысан астынан шығарылғандар бірден ауруханаға жеткізілді.  

«Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем жарақат алған үш жұмысшыны қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулығы орташа, тұрақты деп айтуға болады. Медициналық көмек көрсетілді. Үшеуі де  аурухананың бейінді бөлімінде ем алып жатыр», – деді Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім АРДАҚ.

Аталған оқиға бойынша Астана  қалалық  Ішкі істер департаментінің  тергеушілері ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, яғни «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа іс қозғады. Тексерулер барысында нысан иесі құзырлы органдағыларға жұмыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттарды көрсете алмаған. Сонымен қатар, зардап шеккендер мен коттедж қожайынының арасында еңбек шарты да болмаған.


Новости партнеров