Олжас Сүлейменовтың немересіне қатысты сараптама жұмысы жүргізілуде

Олжас Сүлейменовтың немересіне қатысты сараптама жұмысы жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жол апатынан қаза болған танымал ақын Олжас Сүлейменовтың немересіне қатысты тергеу басталды. Астана қаласы Ішкі істер департаменті өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі таңда сараптама жұмысы жүргізілуде. Жол апаты бейнебақылау камераларына да тіркелген. Айта кетейік, қайғылы жағдай маусымның 22 күні Мәңгілік ел мен Керей-Жәнібек хандар көшесінің қиылысында орын алған. Алдын-ала айтылған болжам бойынша, «Хюндай» көлігі мотоцикл айдаған жігітті соғады. Салдарынан 26 жастағы азамат оқиға орнында қаза болған.

«22 маусым күні болған жол-көлік оқиғасы бойынша қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің  345 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.Тиісті сараптамалар тағайындалды.Барлық материалдар осы оқиға бойынша жинақталып, қылмыстық іске тіркелген»,-деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.


Новости партнеров