Астанадағы зергерлік дүкеннің біріне шабуыл жасалды

Астанадағы зергерлік дүкеннің біріне шабуыл жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы зергерлік дүкеннің біріне шабуыл жасалды. Түскі уақыт кезінде бетін тұмшалаған ер адам оңай олжаға кенелуді көздесе керек. Зергерлік дүкен күзетшісі оған қарай травматикалық қарумен оқ жаудырған. Бірақ қарақшы ізін суытып үлгеріпті. Анық болғаны - әлгі қарақшы ішкі есікті балғамен шағып, ішіндегі планшет пен бірнеше қалыптағы алтын бұйымдарын үптеп кеткен. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау орнының өкілдері қазірге дейін тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген шығын да есептелуде.

«Бейбітшілік көшесінде орналасқан зергерлік дүкенде болған тонау бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК «тонау» бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, осы қылмысты жасаған күдікті адамды анықтау және ұстау үшін барлық кешенді жұмыстар жүргізілуде. Келтірілген шығында тергеу барысында анықталатын болады», - деді  ІІД ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.


Новости партнеров