Елордада Алматының мәдени күндері салтанатты түрде жабылды

Елордада Алматының мәдени күндері салтанатты түрде жабылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада Алматының мәдени күндері салтанатты түрде жабылды. Апта көлемінде астаналықтар мен қала қонақтарына Оңтүстік астанадан арнайы ат терлетіп келген 400-ге жуық әртістер өнерлерін паш етті. Қорытынды кеш ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында орналасқан амфитеатрда болды. Менің әріптесім Азамат Әуезхан да думанды кештің куәгері болып қайтқан еді.

Әуелі, әртістердің дайындығын сахна сыртынан бастап түсірдік. Өнерпаздар қарбалас. Өйткені, барлығы жауапты кешке дайындалып жатыр. Астанада Алматының мәдени күндері аяқталды. Елорда тұрғындарын өнерлерімен тәнті ету үшін оларға бір апта, 168 сағат жеткілікті болды. Мәдени бағдарламалар да түрлі: эстрада жұлдыздары, этно ауылдағы қолөнершілерге дейін өз өнерлерін көрсетті.

Бұл кештің тақырыбы да өзгелерден ерек болды. «Асқар таулы Алматы» концерті арқылы ұйымдастырушылар ЭКСПО көрмесінің келушілерін халықтық фольклормен қуантуды жөн көріпті. Сахна төрінде Асылбек Еңсепов, Ардақ Балажанова, Рамазан Стамғазиевтердің орындауында үздік туындылар шырқалды. Көрермендерді ерекше тәнті еткен «Салтанат» пен «Сазген сазы» ансамбльдері болды.  

«Алматыдан көптеген ұжымдар, әртістер, әншілер келді. Оның үстіне, біздің фольклорлық-этнографиялық «Сазген» ансамблі өзінің үлесін қосып жатыр. Жетісудің әндерін, күйлерін дайындап алып келдік. Осы астаналықтарды, шетел қонақтарына өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз»,- деді «Сазген сазы» ансамблінің көркемдік жетекшісі, Бағдат ТІЛЕГЕНОВ.¤

Ұлттық сарында, әдемі бояумен ашылған концерттік шараны тамашалаушылардың арасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекте болды. Халық мұрасын көреременге нақышына келіп жеткізушілер өз мақсаттарына жеткен секілді. Қазақы иіс аңқып тұрған шараны да көреремендердің біразға дейін ұмытпасы анық.


Новости партнеров