|
05.04.2017 | 11:38
6015

Алматылық экологтар рейдке шықты

Алматылық экологтар рейдке шықты

Алматы күл-қоқыстан ада болады. Қалалық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қоқыстарын жинамайтын түрлі нысандарды тексеруге шықты. «Таза қала» рейд барысында тәртіп бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырып, тазалықты ескермегендер айыппұл арқалады. Полицейлер 4 күн ішінде заңға бағынбаған шағын және орта  кәсіп иелеріне 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салған.

Табиғатты қорғау полицейлері құрылыс жүріп жатқан аймақты алдымен аралады. Қоқысты қалай болса солай лақтырып тастаған жұмысшылар тексерушілерді көре сала жан таласқа тазалыққы кірісіп кетті. Құрылыс маңында анықталған заңбұзушылық бұл ғана емес екен. Заң бойына да нысанның төлқұжаты да ілінбепті.  

«Біз мына жерді сатып алдық. Сатып алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын бастадық. Жақын күндері нысан төлқұжаты ілінеді. Ал, ана қоқыстарды өртенген кафедегілер алып кеп тастаса керек. Қазір бәрін шығартып жатырмыз. Жақын күндері бәрін реттеп қоямыз», - деді компания өкілі Әсет ЖАДЫҚОВ.  

«Қазір мына жерден камаздар шығып жатыр, дөңгелектері жуылмаған. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйде ешқандай нысан төлқұжаты жоқ. Кім подряцик, кім суп подрячик білу мүмкін емес. Ауласы лас болып жатыр. Қазір комиссия мен тексеріп жатырмыз», - деді Алматы қаласы Табиғатты қорғау полициясының бөлім басшысы Қуаныш ЖАСТАНБАЕВ.

Табиғатты қорғау полиция өкілдері ұйымдастырған рейд барысында өздеріне тисілі аулаға  мән бермейтін кәсіпкерлердің қитұрқы әрекеттеріне куә болдық. Тіпті, тәртіп сақшыларының сөздеріне құлақ аспай, өз кінәларын мойындағылары да келмейді.  

Алматы да «Таза қала» атты шара бірінші сәуірден басталған. Көктем шыға, маңайын көріктендіруі тиіс нысандадың маңы әлі лас. Бүгінге  дейін отызға жуық түрлі нысанға әкімшілік хаттама толтырылып 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал, бүгін түрлі нысанның басшылары мен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 113 000 теңгеден асатын айыппұл салынды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир