|
06.11.2017 | 15:43
2929

Наркологиялық орталықта көз жұмған Николай Кривенконың ісіне қатысты нүкте қойылды

Наркологиялық орталықта көз жұмған Николай Кривенконың ісіне қатысты нүкте қойылды

Астанада наркодиспансерде 29-жастағы Николай Кривенконының өліміне қатысы барлар сотталды. №2 Алматы аудандық соты полицейді- 10 жылға, фельдшер мен екі санитарды - 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қайтыс болған азаматтың туыстары үкімге көңіліміз толды десе, сотталғандар тарапы бармағын тістеп, зар жылап қалды.

Наркологиялық орталықта көз жұмған Николай Кривенконың ісіне қатысты нүкте қойылды. Сот патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабековты -10, фельдшер Саят Сатынды - 8 жылға соттады. Сонымен қатар, мекеме санитарлары - Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиевтерді де айыпты деп танып, сот залында қамауға алынды. Олар да темір тордың ар жағында сегіз жылын өткізетін болады.

«Берік Мырзабеков, Саят Сатын және Фархат Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиев қайтыс болған Николай Кривенконың отбасына материалдық зиян келтірген үшін - 1 миллион 38 мың 280 теңге және моральдық нұқсан келтіргені үшін - 1,5 миллион теңге көлемінде өтеу міндетті»,-деді Судья, Ұбайдұлла ҚОШАНОВ.

Марқұм Николайдың жақындары оның болашаққа деген жоспары зор әрі жақында отбасын құруға ниетті болғандығын айтты. Түнделетіп дүкенге шыққан бауырларының ешкімге ешқашан күн көрсетіп, төбелескенін де байқамапты. 

«Біз баламызды өлтіргендер ақталмағандарына, жазаланғанына қуаныштымыз. Бірақ, соттың қандай үкімі шықса да, біз баламызды қайтара алмаймыз. Олар болса, жазаларын өтеп, аман-есен туысқандарына оралады, әрі қарай өмір сүре береді»,- деді Николай Кривенконың анасы, Татьяна КРИВЕНКО.

Ал, сотталғандардың ағайындарын жап-жас жігіттердің тағдыры алаңдатып, сот үкіміне шыдай алмады. Оны әділетсіз деп танып, көз-жастары мен ішіндегі жан айқайына да ерік берді. Әсіресе, сол түнгі оқиғада ағайынды санитарлар Фархат пен Сұңғаттың әкесі екі ұлының еш кінәсі жоқтығын айтып, қайта шағым түсіреміз деді. 

«Ол жерде олар жұмыс орнында болды. Олардың жұмысы - ұстасу, көмектесуге ғана шықты. Егер де, далада болса, олар мүлде шықпас еді оларға. Жазықсыз соттап жіберді. Құры шығып көмектескен жазықсыз. Ол жерде менің екі балам болғанда жоқ. Бұл сот әділ сот дейді. Әділсіз. Прокуратура да, бәрі әділсіз. Шағым түсіреміз»,- деді Сотталушылардың әкесі, Қайыркеш ҚАМБЕТО.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде Астанадағы наркология орталығында 29- жастағы Николай Кривенконы полицей және орталық қызметкерлері сабап, мерт қылған бейнежазба тарап кеткен болатын. Құқық қорғау қызметкері мен дәрігерлер оны мас болды, тынышталдыру үшін күш қолдандық деп ақталған. Алайда, сараптама Николай Кривенко ұсталған кезде сау болғанын анықтады. Үкім әлі заңды күшіне еңген жоқ. Демек, сотталушылар екі апта ішінде үкімге шағымдана алады.  

Нұржан Сәдірбай, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы, Астанадан



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир