Астана ІІД наркоорталықта болған жаға ұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірді

24.10.2017 23:29

Астанада 29 жастағы Николай Кривенконың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған полиция және наркология орталығы қызметкерлерінің соты  жалғасуда. Көлік шамдарын сындырғаны үшін орталыққа жеткізілген азаматты құзырлы орган қызметкерлері мен дәрігерлер соққының астына алып, байқаусыздан жазым еткен. Кінәлілер сабасын басу үш күш қолдандық десе, қайтыс болған жанның туыстары қызметтерін асыра пайдаланды, дейді.

Әлеуметтік желідегі тараған бұл видеоның түсірілгеніне 8 айдың жүзі болған. Николай Клименко бұл жерде әлі тірі. Оны түнделетіп үй ауласында көлік шамын сындырғаны үшін Астана қаласының әлеуметтік-медициналық сауықтыру орталығына полицейлер жеткізген. Сараптама жүргізген. Бірақ бір уақытта марқұм қасындағыларға шабуыл жасайды. Бұған шыдамаған полицей және орталық қызметкерлері күш қолданған. Нәтижесінде, 29 жастағы ер азамат көз жұмады.

«Қазіргі таңда барлық материалдар жиналып, сотқа жіберілген. Екі баппен қозғалған іс 362 бап, яғни өз қызметін асыр пайдалану және 106 бап қасақана адам денсаулығына ауыр зақым келтіріп, соның салдарынан абайсыздан адам өліміне әкеліп соққан», - деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Қалалық Ішкі істер департаментінің өкілі сараптама қорытындысы азаматтың алкоголь қабылдағанын анықтады десе, жақындар оның сау болғандығын айтады. Ал марқұмның қорғаушысы Николай Кубасов сот созылып кетті, дейді. Себебі прокуратура бірнеше рет прокурорды ауыстырған.

«Біз бүгінгі күнге дейін істі толықтай аяқтай алмай келеміз. Сот отырысы дұрыстап өтпейді. Мысалы, жақында ғана толықтай іспен шұғылданған прокурды басқасы ауыстырды. Ал жаңа мемлекеттік прокурор іспен танысу үшін уақыт талап етті. Нәтижесінде сот оның сұранысын құптады. Демек, тағы да күтуімізге тура келеді», - деді қорғаушы Олег КУБАСОВ.

Осыдан бірнеше күн бұрын аталмыш оқиға бойынша сот отырысы өтті. Полицей және наркология орталығының қызметкері айыпты деп танылса, олар 10 жылдан артық бас бостандығынан айырылмақ. Келесі сот отырысы 25 қазанға белгіленген.

Нұржан Сәдірбай, Олжас Мәденов, «Алматы» телеарнасы Астанадан