|
26.07.2017 | 11:49
2335

Шымбұлақ тау шаңғы кешенінде фестиваль өтеді

Шымбұлақ тау шаңғы кешенінде фестиваль өтеді


Сочидегі Олимпиада ойындарының кеңесшісі елімізде тау-шаңғы кешендері мен ірі жарыстарды ұйымдастырудың қыр-сырымен бөліседі. Алматыда тау спортына арналып өтетін халықаралық фестивальге Виктор Тимаков қатысады. Сондай-ақ, фестивальде Қытай, Австрия және Грузия елдерінен келген шетелдік сарапшы мамандармен бірге форум өткізу жоспарланыпты. Кездесуде еліміздегі және қаладағы туризм саласының түйткілді мәселелері талқыланады деп күтілуде.

«Алматының туристік дистинация, туристік орын, туристерге келетін, көретін жалпы нәрселер бар бай жер деп, белсенді маркетингтік маркетингті қолдап жатырмыз. Жалпы, тау шаңғысы ғана емес, таумен байланысты емес туризмнің әр саласын қарастырамыз. Оны Алматыда қалай дамытуға болады, ол үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап алуды күтудеміз»,- деді Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы, Ерлан ЖАЙЛАУБАЙ.

Үш күнге созылатын фестиваль шаһарымыздың Шымбұлақ тау шаңғы кешенінде өтпек. Шарада түрлі марафондар, шыңға өрмелеушілерге арналған сайыстар, кроссфит пен воркаут сияқты спорт түрлері ұйымдастырылады. Айта кетейік, демалыс күндері Медеуден Шымбұлаққа аспалы жолмен және автобуспен көтерілу тегін.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

экстрим
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир