|
15.11.2016 | 11:16
1886

Универсиадаға дайындықты тиянақты бақылау қажет

Универсиадаға дайындықты тиянақты бақылау қажет


Универсиадаға дайындықты тиянақты бақылау қажет. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, спорттық нысандардың құрылысы жоспар бойынша қолданысқа берілуі тиіс, сондай-ақ дүбірлі додаға қатысатын студенттердің дайындығына мән берілуі керек. Алау эстафетасын да әр өңір басшылары өз аймақтарында жоғарғы дейгеде ұйымдастырулары шарт. Қазір Алматыда қысқы Универсиада ойындарын қолдаушы еріктілер тобы құрылған. Байрақты бәсекенің өтуіне тұп-тура 75 күн қалды.

«Елімізде алдағы уақытта өтетін Универсиаданың дайындық барысы елбасының қадағалауында екені белгілі. Бұл өте маңызды іс-шара болмақ, мемлекетіміз үшін айтулы оқиға. Сондықтан оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет. Облыс әкімдерінен аймақтардағы эстафета алауын тиісті деңгейде жүргізуді сұраймын. Бұл жағынан біздің тәжірибеміз бар. Бұған дейін де Азияданы ұйымдастырғанбыз. Жоспарланған істеріміздің бәрі ойымыздан шығады деп сенеміз», - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Еске салайық, Алматыда өтетін бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары келер жылдың 29-шы қаңтарында басталады. Спорттық шара 10 күнге созылып, 8-ақпанда дүбірлі доданың жабылу рәсімі өткізіледі. Әзірге жарысқа қатысуға 58 мемлекеттен өтініш келіп түскен. Сайыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир