|
15.11.2016 | 11:23
2324

Алматыда дінтану пәні 5-ші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Алматыда дінтану пәні 5-ші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін


Алматыдағы орта мектептердің барлығында дінтану пәні алдағы уақытта 9-сыныптан емес, 5-ші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін. Бұл туралы Наурызбай ауданында өткен «Діни экстремизмнің алдын алу» атты семинарда белгілі болды. Дінтанушылар мұны оқушыларды жат ағымның арбауынан сақтау үшін әрі діни сауаттылықты арттыру мақсатында қолға алу керек дейді. Қазір қала мектептерінде дінтану сабағы жоғарғы сынып оқушыларына аптасына 3 рет оқытылады. Алайда бұл аздық ететін көрінеді. Жиында оқушыларды діни экстремизм мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау жолы да талқыланды. Оған ауданның тарих, дінтану және денешықытыру пәндерінің барша ұстаздары қатысты. Мұғалімдер бұл шарадан көңілге тоқып, ойға түйгенін оқушыларға дәріптемек.

«Денешынықтыру пәнінің мұғалімдерін қатыстыру себебі, бұндай топқа бірден-бір қосылып кетуге жақын болатын балалар, ол спортпен айналысатын балалар болып келеді. Өйткені, спортпен айналысатын балалардың көбісі намазхан болып келеді. Сол себепті, олар көрген кезде оқушы балалардың басқа топтан айырмашылығын ажыратып білу үшін осындай арнайы курстардан өткізіп отырмыз», - деді Алматы қаласы Дін істері басқармасының Наурызбай ауданы бойынша ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Сағидолла БЕРДЕНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир