Елімізде аптап ыстық апшыны қуырады. Алдағы 3 күнде сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілмек. Ыстық күн райы осы демалыс күндері де сақталады. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 40-45 градус, Солтүстік Қазақстанда 33 градусқа дейін көтеріледі. Ыстық циклон Иран мен Ирак аумағынан келген екен. Осыған байланысты мамандар штормдық ескерту жариялаған.
«Оңтүстіктен жылы ыстық құрғақ ауа массасының келуіне байланысты жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтілуде. Алматы облысы бойынша түнде 20-25 градусқа дейін, күндіз 34-39, кей аудандарда 42 градусқа дейін жоғары болады деп күтілуде»,- деді Инженер синоптик, Ақзер ӘШІМ.
Мамандар күннің күрт қызуынан мұздықтар еріп, көлдердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін дейді. Ал, Алматыда 43 градустық ыстық соңғы рет осыдан 74 жыл бұрын тіркелген екен.