Қазақстандықтар ескі көліктерін жаппай утилизацияға өткізуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтар ескі көліктерін жаппай утилизацияға өткізіп жатыр. Алматы қаласының өзінде бағдарлама аясында мыңнан аса көлік қабылданған екен. Жүргізушілер қос бірдей квота арқылы жеңілдіктерге ие болуда.

Қазақстандықтар ескі көліктерінен жаппай арылып жатыр. Оған арнайы утилизациялау бағдарламасы септігін тигізуде. Осы күні квотаның екі түрі қарастырылған. Бірі - ескі көлікті өткізген адамға өтемақы берілсе, екіншісі - отандық жаңа темір тұлпарларды сатып алуға сертификат табысталады.  Бағдарламаның мақсаты - елімізді темір қоқыстан арылту екен. Мамандардың  сөзінше, утилизацияға келген көліктің қосалқы бөлшектері түгел болу керек.

«Ескі көліктерді қабылдайтын зауыт тұр Қарағандыда. Пластмассасын бір бөлек, аллюминін бір бөлек, қара металын бір бөлек алынады. Соның бәрі бөлшектеніп, бөлшектініп алынады», - деді менеджер Досболат ІЗБАСАРОВ.

Бағдарламаның екінші кезеңінде 315 мың теңге көлемінде сертификат беріле бастаған еді. Ол қағазбен кез келген отандық көлікті несиеге алуға болады. Жоба өз тиімділігін көрсеткен. Былтырғы жылдың шілде айымен салыстырғанда, биыл отандық көліктің сатылуы 29 пайызға өсіпті. Мамандардың сөзінше, шілде айында қазақстандықтар көлік сатып алуға 104 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған.

«Әрине кез келген көлік шығаратын компания өзінің тауырының сатылғанын қалайды. Сондықтан олар жеңілдіктердің миллион түрін ойлап табады. Ескі көлігін өткізіп, сертификат арқылы машина сатып алу - біз айтқан жеңілдіктердің қатарына кіреді. Менің ойымша, мемлекет ойлап тапқан жоба авто компанияларға да, қарапайым халыққа да тиімді», - деді Қазақстан автобизнес қауымдастығы президентінің кеңесшісі Юлия КРОНГАРТ.

Жалпы, қазақстандықтардың сұранысына ең көп ие болатын көлік маркасы «тойота», екінші орында «лада», соңғысында «равон» автокөлігі екен.


Новости партнеров