Алматыда Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлердің аты-жөндері айтылды

09.06.2017 15:40

 Атап өтерлігі, бұл қала тарихында тұңғыш тіркелген жайт. Себебі, бұған дейін кемінде бір үміткерді болса да, қалалық мәслихат, саяси партия және қоғамдық бірлестік өкілдері ұсынып отырыпты. Алғашында қалада Парламенттің жоғары палатасына Алматыдан 8 үміткер тіркелген. Айта кетейік, елімізде Сенат депутаттарының сайлауы маусымның 28-і күні өтеді.

«Ол сегіз кандидаттың ішінде 2 кандидат сайлау барысында тіркеуден алынды. Себебі, салық мәселесі бойынша декларациясын дұрыс тапсырған емес болатын. 3 кандидатқа кеше біз тіркеуден бас тарттық. Керекті құжат өткізген жоқ алып келмеді. Өздеріңіз білесіз. Сенат депутаттығына кандидаттарға белгілі бір салалары бар. Өзінің қойылатын шарттары бар. Сол шарттарды орындамаған үшін кандидаттар тіркеуден өтпеді»,- деді Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы, Жанна АСАНОВА.