Елімізде балаларға күмәнді діни тәрбие беретін орындарға жаза күшейтілуі мүмкін

Елімізде балаларға күмәнді діни тәрбие беретін орындарға жаза күшейтілуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде балаларға күмәнді діни тәрбие беретін орындарға жаза күшейтілуі мүмкін. Ал Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жерлеу рәсіміне қатысты бірыңғай жинақ шығарды. Үкімет сағатында дін істері және азаматтық қоғам министрлігі алғаш рет депуттаттар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді. Министр Нұрлан Ермекбаев дінге қатты берілу, отбасы мен мемлект ішінде түрлі даулардың туындауына себеп болады дегенді алға тартты.  Осы және өзге де ақпараттар жайлы толығырақ тарқату үшін елордалық әріптесім Азамат Әуезхан студиямен тікелей байланысқа шықалы тұр. Азамат, діни экстремизді насихаттайтын ақпаратты бұғаттау, оны жою механизмі бұрыннан бар емес па еді?! Айтылған ұсыныс туралы толығырақ айтып берсең!

¤- Нұрсұлтан, бұл ұсыныс өзің айтқан механизмді жаңартуға саятын секілді. Үкімет сағатында Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ақпарттардың көзін жою үшін заңға өзгеріс енгізу керектігін жеткізді. Сонымен қатар, балаларға күмәнді діни тәрбие беретін орындарға да жаза күшейтілуі мүмкін. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін еліміздегі діни сауаттылықты көтеріп, діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін заң жобасын үкімет парламентке қарауға жібереді. Жан-жақты талқылаудан өтсе, депуттаттар құжатты қабылдауға дайын. 

¤«Иә, бұғаттау жүйесі бар. Бірақ, белгілі бір деңгейге сәйкес шараларды жүргізу қажет. Сондықтан, ғаламтордағы ақпааттарды жою уақыт алары белгілі. Бұл процесті қайта қарап, дер кезінде бұғаттауға болатындай етіп жасау қажет”, - деді ¤ҚР Парламенті мәжілісінің халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ.

¤ - Азамат, қателеспесем, Дін істері және азаматтық қоғам министрі депутаттар алдына алғаш шығып отыр. Атқарылған жұмыстарға тоқталған Нұрлан Ермекбаев қандай мәселелерді қаузады?

¤¤- Ия, рас айтасың, Нұрсұлтан! Министр Нұрлан Ермекбаев Дін, азаматтық қоғам, жастар саясаты саласына жеке-жеке тоқталды. Ведомоства басшысы «дінге қатты берілу отбасында, мемлекет ішінде түрлі даудың туындауына себеп болады», - дейді. 

¤«Бұл жағдайға жаһандану мен түрлі ақпараттардың қол жетімділігі себеп болуда. Бүгінде елімізде атеистер мен агностиктер пайыздық үлесі 10 пайызды құрап отыр. Ал, қазақстандықтардың 75 пайызы құдайға сенгенімен, діни жоралғыларды орындамайды. Ел азаматтарының 15 пайызы керісінше барлық діни салттарға сенеді. Осы ретте діни сауатсыздықтың кесірі радикалды идеологияның өршуіне әсерін тигізуде”, - деді ¤Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.


Қазір министрлік қазақстандық исламтану мектебінің ғылыми негізін құру үшін дінтанушы ғалымдар тобын құрып жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, енді елімізде діни жоралғыларды өткізудің бірыңғай стандарты енгізілді. Жауаптылар салттардың әр өңірде әр түрлі өткізілетінімен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, Нұр Мүбәрәк университетін Қазақстанға беру мәселесі де қолға алынуда. Құзырлылар Мысыр үкіметімен келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Нұрсұлтан...

¤- Рахмет. Астанадан байланысқа қосылған Азамат Әуезхан болатын. 


Новости партнеров